2019 жылдың 3-4 желтоқсаны аралығында Бурабай ауданында "Жайдарлы Жас Ұлан" облыстық интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа облысымыздың аудандарынан жалпы саны 9 команда қатысты. Сайыстың әділ-қазы құрамасында Оразов Еркін Жаргульбаевич - Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу - әдістемелік орталығының директоры, Алмас Сансызбайұлы - "Nur Otan" партиясы Бурабай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Нуркенов Алмат Төлегенұлы - Ақмола обласы ішкі саяхат басқармасы, жастар ісі жөніндегі бөлімнің басшысы, Құрбанәлі Арнұр-Ақмола облыстық "Жайдарман" филиалының директоры. Сайыстың қорытындысы бойынша төлемдегідей шешім қабылданды: 1 орын Жақсы ауданы, "Жақсы құрамасы"; 2 орын Зеренді ауданы, «Қызылтаң тобы»; 3 орын Атбасар ауданы, «Көз тимесін» тобы; Және де «Үздік актриса» номинациясы Шортанды ауданы құрамасына «Үздік әзіл» номинациясы Бурабай ауданының делегациясына және де «Үздік топбасшысы» номинациясы Аршалы ауданының құрамасы иеленді. Барлық қатысушылар сертификат, диплом, естелік сыйлық және арнайы жасалған кубокпен марапатталды. @jasulan_qz@aqmoedu