Текст
07.11.2025
7 қарашада КВН туған күні қарсаңында Жақсы ауылының № 2 ЖББМ базасында " Туған күніңмен, КВН!" мектеп лигасының жаңа маусымын бастады. Іс-шараға аудан мектептерінен 11 команда қатысып, өзекті және мектеп тақырыптарына өздерінің визиткаларын, әзілдері мен миниатюраларын ұсынды. Фестиваль достық және көңілді атмосферада өтті. Маусымның ашылуы мектеп КВН Лигасы әзіл — оспақ сахнасы ғана емес, сонымен қатар таланттарды ашуға, командалық рухты дамытуға және шығармашылық ойлауға арналған алаң екенін көрсетті. Фестиваль қорытындысы бойынша келесі кезеңге қатысуды жалғастыратын 8 үздік команда анықталды. Барлық қатысушыларға жаңа маусымда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!