«Ақмола облысы білім бөлімінің Жақсы ауданындағы білім бөлімінің Жақсы ауылының Оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    
Коммунальное государственное учреждение "Дом школьников села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауы

28.04.2018

2018 жылдың 24-25 сәуір күндері Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» Ұланбасылары арасындағы «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.

24 – сәуір күні «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауының қатысушыларын басын біріктіріп таныстыру тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап өтетін болсақ:

1. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда «Jeans Party» концерттік кеші;

2. Ақмола облыстық тарихи- өлкетану мұражайында экскурсия;

3. «Кокше» телеарнасының тележүргізушісі Елберген Ермек Жасеркінұлы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Көкшетау қалалық филиалының төрағасы, «Ділмар КУАМ» дебат клубының мүшесі Хафиз Аян Бауыржанұлының қатысуымен қатысушыларға арнайы «Көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстау және дұрыс сөйлеу мәнері» тақырыбында тренинг жүргізді.

25 - сәуір күні Сатпаева 1Б мекен-жайында орналасқан мәжіліс залында «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауы «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

- Таныстыру;

- 2017-2018 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация;

- Ұланбасының бір күні – бейнеролик;

- Сұрақ-жауап.

Іс-шараға Астрахан, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан, жалпы саны 20 Ұланбасы қатысты.

Байқаудың құрметті қонағы ретінде Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Садвакасова Динара Тайбасарқызы іс-шараға қатысты.

Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталдлы.

Ақмола облысының «Үздік Ұланбасы - 2018» Гран-при атағын Жақсы ауданының Ұланбасысы Хамит Айжан иеленді. Құттықтаймыз!!!

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст