2020-2021 оқу жылында наурыз айында өткізілген ата аналар жиналысының хаттамасы
Тақырыбы: Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты санитарлық талаптарды қолдану туралы
Коронавирустық инфекция қалай жұғады: - ауа тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде екі адамның аралығы жақын болса - байланыс жасау арқылы: қол алысу кезінде және беткі қабаттардан (мысалы, есіктің тұтқалары), азық-түлік өнімдері Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ескертулерді орындау қажет: - қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде кию; - қол гигиенасын сақтау; - әлеуметтік қашықтықты сақтау; - адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін белгілері – дене қызуының көтерілуі (38 ° C дейін) және құрғақ жөтел. Кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауруы, бас ауруы және ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сирек кездесетін белгілер - мұрынның ағуы және диарея.
Ата аналарға қысқаша мағлұмат берілді.Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Жиналысты өткізген би үйірмесінің оқытушысы Абилдина Л.Г.